Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.
Елбасы ерлер мен әйел азаматтар үшін тең құқық пен тең мүмкіндіктердің кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен бірдей мүмкіндіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөз бетінде жарияланады.