Елбасы: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын басты партиялық ұранымыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлау алды штабында болғанында сайлау штабтары қарапайым азаматтардың мұң-мұқтажына айрықша көңіл бөлгені жөн екенін айтты.
None
None

Қазақстан Президенті партияның негізгі міндеті - Ұлт жоспарын тиімді орындау, «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру екенін айтты.
- Түптеп келгенде, осының бәрі әрбір азаматымыз үшін жағдай жасайды. Осының бәрі әрбір қазақстандық лайықты жұмыспен қамтылып, жоғары кәсіби біліктілікке ие болуы үшін жасалуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сайлау штабтары қарапайым азаматтардың мұң-мұқтажына айрықша көңіл бөлгені жөн екенін айтты.
- Электоралдық кезеңде қоғамдық қабылдаулардың жұмыстарын жандандыру маңызды. Депутаттыққа кандидаттар күнделікті тәртіп бойынша азаматтарды қабылдауы тиіс. Сенімді тұлғалар белсенді жұмыс істеуі керек. Жұрттардың барлық сауалдарына жедел әрі нақтылы үн қатып, мәселелерін шешуге көмектесу қажет, - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық татулық, құқық тәртібі, заңға бағынушылық «Нұр Отан» партиясы қоғамда орнықтыруға ұмтылып отырған басты негіздер екеніне назар аударды.
- Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын басты партиялық ұранымыз, - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар