Елбасы бірнеше өкімге қол қойды

АНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірнеше өкімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы бірнеше өкімге қол қойды

Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұржан Кершайызұлы Мырзалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметіне тағайындалды;

Болат Исатайұлы Қырғызбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды;

Болат Нұрмұрзаұлы Садықов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.