Елбасы: Бүгін әр қазақстандық өзінен «елім жақсы болуы үшін мен не істедім?» деп сұрауы тиіс

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Әркім де Қазақстанды қастерлеп, Отанның дәулетін арттыру жайында ойлануы қажет. Бұл туралы бүгін Астанадағы  Назарбаев Университетіндегі интерактивтік дәрісі барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Елбасы: Бүгін әр қазақстандық өзінен «елім жақсы болуы үшін мен не істедім?» деп сұрауы тиіс

«Бүгін әр қазақстандық өзінен «елім жақсы болуы үшін мен не істедім және Отанымның дәулеті артуы үшін не істедім?» деп сұрауы тиіс. Егер елде жақсы болмаса, онда ешкімге де жақсы болмайды. Яғни, мемлекеттің әл-ауқаты - ол әр азаматтың әл-ауқаты. Сондықтан әрқайсысы осы елді қастерлеп, Отанның дәулетін арттыру жайында ойлануы қажет. Егер еліміздің әр азаматы осылай ойлайтын болса, барша ел өзінің дамуының қарқынын арттырады», - деді Елбасы.