12:16, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Елбасы бүгін «Қазақстан» телеарнасында өтетін бейнеконференцияға қатысады
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада сағат 22.00-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Жаңа индустрияландыру - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бейнеконференция өтеді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін бұл шара барысында еліміздің барлық дерлік өңірлерінде мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы бойынша жүзеге асқан бірқатар жаңа жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.
Аталмыш өндірістер Елбасының «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде жария еткен Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді дамуының жоспарына кіреді.