Елбасы бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға, бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.