12:29, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Елбасы Д.Кэмеронды ЭКСПО - 2017 көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы жеделхатта Д.Кэмеронға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания экс-Премьер-министрі Д.Кэмеронға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.