Елбасы дәрі-дәрмек бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәрі-дәрмек саласында туындаған мәселелерді ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Дәрі-дәрмек заттарының айналымы маңызды әлеуметтік сипатқа ие. Салада бағаның шарықтауына тосқауыл қоятын шаралар қажет, сондықтан дәрілік және медициналық заттардың айналымын реттеу керек болып тұр. Қазақстандықтар қолжетімді, сапалы әрі қауіпсіз дәрі-дәрмекті алу құқығына ие. Мен бұл жайында бірнеше мәрте айтқан болатынмын, бізде дәрі өндірісінде қандай да бір монополия бар», - деп тоқталды Елбасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

Осы орайда Президент фармацевтикалық фабриканы салуға ниетті инвесторлар келген кезде кедергілер туындай бастайтынын сынға алды.

«Барлық жерде кедергілер қойылады. Неге? Себебі жеткізушілер мен осында қабылдайтындардың құрылымы қалыптасты. Бұл салада қандай да бір айырма бар және осыдан кететін ойлары жоқ. Біртановқа (ҚР Денсаулық сақтау министрі - автор) бұл мәселеге қатысты тиісті шешім жасауды тапсырған болатын. Менің ойымша, ол дұрыс қадамдар жасап жатыр, алайды бұл істі соңына дейін жеткізу керек», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлердегі медициналық мекемелерде жұмыс істемей тұрған жабдықтар мәселесіне назар аударды.

«Жаңа жабдықтар облыстарда еш қызмет көрсетпестен пайдаланылмай жатыр. Оларды кезінде қажет деп бюджетті қарастыру барысында алды, ал кейіннен игерілмей қалды. Себебі оның барлығы алдын ала пысықталмады»,-деді Президент.

Бұл тұрғыда Елбасы Денсаулық сақтау министріне аталған салада қордалаған мәселелерді ретке келтіріп, осы жайында кейіннен егжей-тегжейлі баяндап беруді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар