Елбасы: Дәрі-дәрмектерге қатысты проблемалар уақытылы шешілуі тиіс - Үкімет отырысы

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат  /Марлан Жиембай/ - Дәрі-дәрмектерге қатысты проблемалар уақытылы шешілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы: Дәрі-дәрмектерге қатысты проблемалар уақытылы шешілуі тиіс - Үкімет отырысы

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты, әсіресе, қиын аурулар бойынша проблема жылдан-жылға қайталанып отырады. Ағымдағы жылы «В», «С» гепатиттеріне шалдыққандарға дәрі-дәрмектер жеткізу келісімшарты айтарлықтай кешіктіріліп жасалды»,-деді Елбасы.

Осы ретте, мемлекеттік мекемелердің жоспарлау жүйесіне кім немесе не кедергі келтіріп отырғандығын айтып, Денсаулық сақтау министрін сынаған Елбасы, дәрі-дәрмекке қажетті ақшаның бар екендігін, тек дер уақытында келісімшарт жасасу қажеттігін баса айтты.