12:42, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Елбасы дүниежүзілік жаңа валютаға өту шарасы аясында «Жол картасын» әзірлеуді ұсынды
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Дүниежүзілік жаңа валютаға өту шарасы аясында бойынша «Жол картасын» әзірлеуге болады.

Әрине бұл бір күнде немесе бір форумда шешілетін мәселе емес. Сондықтан бұл істі бүгінгі форумда бастап, форумның виртуалды түрде жұмыс істейтін сайтында тұрақты жалғастырып, келесі жылы өтетін V экономикалық форумда қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізуге болады деп сенемін», - деп мәлімдеді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форумында.
«Баршаға мәлім Астаналық экономикалық форумның маңызы жылдан жылға артып келеді. Сондықтан, келесі жылдан бастап ол тұрақты түрде мамыр айында өткізілетін болады. Баршаңызды келесі жылдың 23-24 мамырында өтетін V Астаналық экономикалық форумға шақырамын»,-деді Президент.