Елбасы дүниежүзіндегі қазақтардың байланысын нығайту үшін арнайы веб-портал ашуды тапсырды
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрлігіне дүниежүзіндегі қазақтардың байланысын нығайту үшін арнайы веб-портал ашуды тапсырды.
«Біздің шеттегі өз қандастарымыздың Қазақстаннан жан-жақты хабар алып тұруына көмектесуіміз қажет. Бұл ретте Байланыс және ақпарат министрлігі «CaspioNet» арнасының хабарларын қазақтар тұратын елдерге таратылуын қамтамасыз етуі шарт. Бұл ретте біздің ұлттық дәстүріміз бен салттарымыз туралы хабарларды арттыруды тапсырамын. Бұған қоса, министрлік дүниежүзіндегі қазақтармен байланысты нығайта түсуі үшін арнайы веб-портал ашқаны жөн»,-деді Президент.