Елбасы ер азаматтарды әйелдерге тек 8-ші наурыз мерекесінде ғана емес, әрдайым қамқорлық көрсетуге шақырды

аурыздың 5-і. Қазақпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ер азаматтарын әйелдерге тек 8-ші наурыз мерекесінде ғана емес, әрдайым қамқорлық көрсетуге шақырды. Бұл жайында Президент бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымының өкілдерімен кездесуінде айтты,

Елбасы ер азаматтарды әйелдерге тек 8-ші наурыз мерекесінде ғана емес, әрдайым қамқорлық көрсетуге шақырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз нарықтық экономикада өмір сүрудеміз. Нарықтық экономикада өрлеу жылдары да, құлдырау жылдары да болады. Бәрі жақсы кезеңдер болады, жұмыссыздық та болып жатады. Осыны пайдаланған кейбір азаматтар, диванда жатып алып ақшаны қалай табу жайында ойланады. Бір орыннан қозғалмай, ойға беріліп, ойға шомып, дағдыланғандары соншалықты, тіпті орындарынан тұрғысы келмей қалады. Бұл қалада да,ауылда да бар құбылыс. Ең жаманы - әйелдерінің арқасында өмір сүріп жатқан еркектер де бар. Бұл деген ұят нәрсе. Әйелдер мұндайға жол бермеуі тиіс. Ер азамат отбасының күнкөрісін қамтамасыз етуі тиіс. Еркек - еркек болуы тиіс. Барлық ер азаматтар әйелдерге тек 8-ші наурыз мерекесінде ғана емес, әрдайым қамқорлық көрсетулері тиіс», деді Елбасы кездесуде.

Мемлекет басшысы бұрындары әйелдерге қолайлы жағдай жасау қалыпты жағдай болғанын атап көрсетті. «Бұрындары жұмыста әйелдерге қолайлы жағдай жасау, мерекенің алдында оларға сыйлық беру дағдылы дүние болатын. Ақша ерлерге қарағанда әйелдерге көбірек қажет. Әрдайым тоты құстай түрленіп жүрулері үшін көптеген шығындар және жақсы жұмыс керек. Сондықтан да әйелдерге қамқорлық көрсетіп, сый-сияпат жасау дәстүрін ұмытпау қажет», деді Елбасы. Мемлекет басшысы Қазақстандағы балабақшалар тапшылығын жою үшін мемлекеттің қолға алып жатқан шаралары да әйелдерге көрсетіліп жатқан қамқорлық болып табылатынын атап көрсетті.