Елбасы Ердоғанды Түркияның Республика күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Ердоғанды Түркияның Республика күнімен құттықтады

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Р.Т.Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы - Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.