Елбасы Еуразия университетінің жанынан Этникааралық қатынастарды зерттеу орталығын құру қажет деп есептейді
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан Этникааралық қатынастарды зерттеу орталығын құру қажет деп санайды.
Президент бұл ойын бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында айтты.
«Қазір этникааралық қатынастар мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту маңызды. Біздің толеранттық моделімізді жетілдірудегі ортақ ұғымдар мен жаңа тетіктерді әзірлеу мақсатында бұл мәселеге терең, жүйелі амал қажет. Ассамблея Хатшылығы осы мәселелермен тұрақты айналысатын құрылымдардың жұмысын сараптауы тиіс. Олардың әлеуетін біріктіріп, Еуразиялық университет жанынан Этникааралық қатынастарды зерттеу орталығын құру қажет деп есептеймін»,- деді Мемлекет басшысы.