Елбасы халықты реформаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант беріп, қызметіне ресми кіріскен соң сөйлеген сөзінде халықты реформаларды жүзеге асыруға шақырды.
«Бүгінгі таңда біздің алдымызда жаңа қатерлер тұр. Ал біздің бұған жауабымыз - мемлекетті нығайтып, ұлтты жаңғырту. Қазақ елінде «Асу бермес асқар жоқ» деген даналық бар. Қазақстандық жол - біздің ұлтымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдырды. Сайлау - әрбір қазақстандықтың өзінің жеке басының, Отан алдындағы жауапкершілігін сезінетіндігін көрсетті. Сондықтан да мен жарияланған реформалардың табысты өтетініне, менің халқым мен мемлекетімнің табысты болатындығына сенімдімін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен барша халықты жарияланған реформаларды жүзеге асыру үшін кеңінен қатысуға шақырамын», - деді Н.Назарбаев.