Елбасы індетті жеңетініне сенеміз - Қайнар Абасов
«Біз, Қазақстан бизнесінің өкілдері Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тез сауығып кетуін шын жүректен тілейміз. Елбасы осы індетті жеңетініне сенеміз. Тұңғыш Президенттің басшылығымен біз жоғары жетістіктерге жеттік, сондай-ақ алдағы уақытта ауқымды жобаларды іске асырамыз деп үміттенеміз», - деді Қ. Абасов.
Сонымен қатар ол Президент пен Үкімет тарапынан коронавирус инфекциясымен күресте қабылданып жатқан шараларға тоқтала келе, екі айда атқарылған жұмыстар өзінің оңтайлы нәтижесін бергенін атап өтті.
Оның пайымынша, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстан айтарлықтай жоғары шығындарға тап болмады. Өйткені, елімізде инфекциясының таралуына тосқауыл қою үшін тиісті шаралар қабылданды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы коронавирусқа байланысты оқшауланды. Бірақ жұмысын қашықтан жалғастыруда.