Елбасы индустрияландырудағы кемшіліктерді жоюға тапсырма берді

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев  жауапты мемлекеттік орган басшыларына, өңір басшыларына индустрияландыру бағдарламасын орындаудағы кемшіліктерді жоюға тапсырма берді.
None
None

Сөз арасында Мемлекет басшысы елдің алдында, атқарушы биліктің алдында тұрған маңызды мәселелерге тағы бір тоқталып өтті. Президенттің айтуынша, бұлар: индустрияландыру, өңірлерді теңгерімді дамыту және әлеуметтік жаңғыру.

«Бағдарламаның бірінші жартысында не істелді? Жетістіктеріміз туралы баяндамашылар айтып өтті. Алайда, кемшіліктер де толып жатыр. 2010 жылы қолға алынған 225 жобаның 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында тек жартысы ғана 60 пайызы ғана қолға алынды. Әрине, мен түсінемін. Зауыттар өндірістік қуатқа қосылу үшін 3-5 жыл қажет. Алайда, әлгі кәсіпорындарды бастауға 1 жыл берілді», - деген Елбасы Н. Назарбаев осындай кемшіліктер орын алып отырған барлық өңір басшылықтарының қаперіне оларды жою туралы ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар