Елбасы: Индустрияландырусыз келешек өркендеуге жол жоқ

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Индустрияландырусыз еліміздің келешек өркендеуіне жол жоқ. Бүгін елордада өтіп жатқан Индустриялық форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев  осылай мәлім етті.

«Бүгін индустриялық бағдарламаны қорыта отырып, Қазақстанның индустриялық тынысының қалай өркендеп жатқанын көріп отырмыз. Қазіргі таңда дүниені шарпыған дағдарысқа келсек, Америкадан бері қарай, батыс елдерінің жағдайын мүшкіл қылып отыр. Сондықтан, индустрияландырудың маңыздылығы артып келеді. Бұлсыз қазақстандық бәсекеге де, өркендеуге де жол жоқ. Сондықтан да біздің бағытымыз дұрыс», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram