Елбасы индустриялық-инновациялық даму бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды - Ө.Шөкеев

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы индустриялық-инновациялық даму бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Елбасы индустриялық-инновациялық даму бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды - Ө.Шөкеев
Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еліміздегі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына тоқталған Ө.Шөкеев, «бұл стратегия негізгі үш кезең бойынша қарастырылып отыр. Яғни, 2003-2005 жылдар аралығында дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде жобаларды жүзеге асыру кезеңі атқарылуда. Бірақ, соңғы 1,5-2 жыл ішінде Үкімет жұмысының назары Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға аударылды. Президенттің соңғы Жолдауынан кейін Елбасы бұл жұмысты қайтадан қолға алуды тапсырды. Кеше Финляндиядағы сапары барысында Мемлекет басшысы біздің осы бағыттағы қадамдарды, бағдарламаларды, құжаттарды, даму институттарын, инновациялық мәселелерді қайтадан құрылымдау керектігін жүктеді», - деді.