15:54, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Елбасы: Интеграция деген ойын, саясат емес, ол - өмір
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Интеграция деген ойын, саясат емес, ол - өмір. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Біздің елімізде халықтың саны 17-ақ млн., нарығымыз тар. Ары қарай өсіп-өркендеу үшін бізге нарық кеңістігі керек. 17 млн. халықтық тауарлар шығаратын болдық. Ал енді ары қарай шығара алмайтын болсақ, экономика өспейді. Сондықтан біз үшін интеграция деген ойын емес, саясат емес, ол - өмір. Менің еуразиялық экономикалық одақ деп жүргенім сол. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру дегеніміз де сол. Ол бір жағынан оңай емес. Біздің бәсекелестік жағдайымызды түзеуіміз керек», - деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы барлық балама нұсқаларды қарастыру, ортақ ықпалдастық картинасын әзірлеу қажеттігін баса айтты.