Елбасы ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын қолдады - Ө. Шөкеев

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын қолдады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметте аталған мәселеге байланысты өтіп жатқан кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Өткен аптада Елбасының алдында Қазақстанның ірі қара етінің экспорттық әлеуеті бойынша жоба қаралғанына тоқталған Ө. Шөкеев: «Атап айтқанда, бұл жоба аясында біз тыңғылықты талқылағаннан кейін Елбасы оны қолдады»,-деді.

Осы орайда бірінші Вице-премьер бұл жоба іске асырылса, ол еліміздің барлық аймақтарын қамтитынын атап өтті. Осының аясында 2,5 мың фермерлік шаруашылықтар құрылады. Бұл жобаға жалпы 30 мың адамды тарту мүмкіндігі бар. Бұл жоба әсіресе халықты еңбекпен қамту проблемалары орын алған өңірлерде іске асырылады. «ҚазАгро» холдингінің мәліметіне қарағанда, аталған жоба аясында алдағы 5 жылда 150 мың басқа арналған 60-қа жуық бордақылау алаңдары құрылады. Сонымен қатар 72 мың мал басына негізделген 54 шаруашылық-репродукторлар, 2,5 мыңға дейін фермерлер шаруашылықтары құрылады. Бұл өз кезегінде жылына 60 мың тонна көлеміндегі экспортқа бағытталған етті өндіруге мүмкіндік береді.

Алдын ала есептеулер бойынша алдағы 5 жылда жобаны қаржыландыруға жұмсалатын қаржы көлемі 148 млрд. теңге көлемінде болмақ. Қаржы көздері ретінде республикалық бюджет және холдингке Ұлттық қор тарапынан бөлінген қаржы игерілмек.

Соңғы жаңалықтар