«Елбасы ислам дүниесін бүтіндеуге кірісті» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. Қарашаның 4-і. /ҚазАқпарат/  - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда қарашаның 4-і,  сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

 Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордан Хашимиттік Корольдігіне ресми сапармен келді. «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Ежелгі елмен ертеңіміз жараса бермек» деген тақырыппен берілген мақала   Елбасының Иордания жеріндегі ресми сапары  туралы  сөз  болады.

Құт-берекелі Жамбыл ауданы өткен сенбіде өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Аталған басылымның «Өңір өмірі» айдарымен берілген «Тамыры терең, өзегі өлең ырысты ел» атты келесі мақала Жамбыл ауданның осы мерейтойына арналады.

«Әдебиет тарихында лайықты орны болса да, шығармалары соңғы уақытқа дейін көпшілікке тұтас жетпей жатқан ақынның бірі Нұржан Наушабайұлы. Оның өлеңдері кезінде аз да болса жарық көріп, белгілі әдебиетшілер тарапынан тиісті бағасын алған. Алайда көп уақытқа дейін ақын шығармашылығы толық зерттелмеді»,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы  атындағы Қостанай мемлекеттік университеті медиаорталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет.  Оның «Сөздері топқа салынған» атты тақырыппен берілген мақаласы Нұржан Наушабайұлының  туғанына - 150 жыл толуына орай берілген.

***

Елбасының араб елдеріне арналған жұмыс сапарына назар аударған «Айқын» газеті де бүгінгі санында жарық көрген «Елбасы ислам дүниесін бүтіндеуге кірісті» деген мақаласында «Сапар бағдарламасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдолла II бен Хусейн алдымен екеуара кездесті. Содан соң екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрама келіссөздер жүргізілді», - деп жазды.

Кеше «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев «АйтРАRK» қоғамдық-саяси пікірталас клубының кезекті отырысына қатысты. «Айқын» газетінің бүгінгі санындағы «Президент жалғыз емес, оның миллиондаған қолдаушысы бар» деген тақырыппен берілген мақала аталмыш отырыс туралы егжей-тегжейлі баяндайды.

Сондақ-ақ осы басылымның дәстүрлі «Ақ сөйле» айдары «Президент тапсырмаларының барлығы жаңа өндіріске Қазақстан ғылымын етене араластыруға бағытталған» деген тақырыппен техника ғылымдарының докторы, профессор Мәдениет Көбдіковпен болған сұхбатты жариялады. Сұхбат теміржол саласындағы жағдайлар және басқа да өзекті мәселелер төңірегінде ой өрбітеді.

***

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордан Хашимиттік Корольдігіне ресми сапармен келді», деп жазады «Казахстанская правда» газеті.  Кеше  Амманда Абдалла II бен Хусейнмен өткен келіссөздер саяси, экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудегі  екі елдің шешімдерін бекіте түсті. Екеуара және кеңейтілген құрамындағы  келіссөздер барысында  Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II бен Хусейн екіжақты қарым-қатынастың кешенді мәселелерін, өзара іс-әрекетті және ынтымақтастықты оңтайландыру жолдарын талқылады.

«Экспресс-Казахстан» басылымының жазуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның  тамыздың 29-ын Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні деп жариялау туралы бастамасын қолдаған. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарусыздану және қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын комитеті уағдаластық негізінде Қазақстан ұсынып отырған  тамыздың 29-ынХалықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні деп жариялау туралы қарарын мақұлдаған.

Соңғы жаңалықтар