Елбасы Италия Республикасының Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Президенті Джорджо Наполитаноға Италиядағы жер сілкінісі апатының салдарынан орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады,

Елбасы  Италия Республикасының Президентіне    көңіл  айтты
деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Осындай ауыр сәтте барша Қазақстан халқы атынан және жеке өз тарапымнан Сізге, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарының және бүкіл Италия халқының қайғы-қасіретіне ортақтастығымды білдіремін», делінген жеделхатта.