Елбасы К.Мәсімовті ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Елбасы  К.Мәсімовті ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

***

«К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сәуір

№ 779