18:23, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Елбасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және қарыз алушылардың құқықтарын күшейтуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, исламдық қаржыландыруды дамытуға бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.