Елбасы кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.