Елбасы Қаскелең қаласында сыныптастарымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ сыныптастарымен кездесу өткізді. Музей қорында 2 мыңнан астам жәдігерлік зат бар, соның 900 данасы негізгі қорға, 1000-нан астамы қосалқы қорға жатады.