Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейінгі атқарған қызметтері үшін алғысын білдірді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімінің Бас директоры болып тағайындалуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейінгі атқарған қызметтері үшін алғысын айтып, Қазақстан халқы атынан алдағы қызметіне жеміс тіледі.
None
None

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімінің Бас директоры болып тағайындалуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Сенатының Төрағалығына Қайрат Мәмидің кандидатурасын ұсынып, жасырын дауыс беру кезінде сенаторлар оның кандудатурасын жақтап, дауыс берді. Осылайша Қайрат Мәми ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

«Мен таяуда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги мун мырзаға Қ. Тоқаевты диломат маман, үлкен тәжірибеден өткен адам ретінде мәртебелі ұйымға қызметке ұсынған болатынмын. Соған орай Қ. Кемелұлы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол әрі БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры қызметін атқарады. Баршаңыз білесіздер Қ. Тоқаев БҰҰ-ның басшылық қызметіне тағайындалған Қазақстандағы ғана емес, Азиядағы алғашқы тұлға. Бұл Қазақстан үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік»,-деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы 1992 жылдан бері өзінің жанында таймай қызмет істеп келе жатқан Қ. Тоқаевты тәжірибелі, беделді азаматтың бірі ретінде атап, «Тоқаев үкіметі ең беделді атқарушы орган» болғанын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар