Елбасы қауіпті өндірістік нысандардың зиянды әсерінен халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметтері үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысандардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,
None
None

деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

Заң қауіпті өндірістік нысандардың зиянды әсерінен халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ келтірілген зиянның толық өтелуіне бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар