Елбасы: Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз.
АСТАНА. 14 желтоқсан. қазАқпарат - Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз.
Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа опера театрында Тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.