Елбасы: Қазақстан әскери қызметшілерінің Бейжіңдегі шеруге қатысуы -фашизмге қарсы күрестегі ортақ жеңісіміздің нышаны

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әскери қызметшілерінің Бейжіңдегі шеруге қатысуы - фашизмге қарсы күрестегі ортақ жеңісіміздің нышаны.
None
None

Бұл туралы ағымдағы жылдың 31 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Бейжіңге жоспарланып отырған сапары аясында Қытайдың жетекші «Синьхуа» ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, фашизмге қарсы соғыс әрбір қазақстандық отбасына зор ауыртпалық әкелді. Адамзат тарихындағы ең зұлмат сол соғыс жылдары ішінде Қазақстанның әрбір 5-ші тұрғыны жұмылдырылды. Шамамен 1 миллион 200 мың адам майданға аттанып, соның жартысы майдан даласынан қайтып оралмады. Тылда армияның керек-жарағы үшін әйелдер, қарттар мен балалар еңбек етті.

«Сондықтан қазақстандықтардың Бейжіңдегі шеруге қатысуы - бұл біздердің фашизмге қарсы күрестегі ортақ жеңісіміздің,

жеңіске қосқан бірлескен үлесіміздің нышаны», - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бүгінгі күні Қытай Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктесі болып отырғанын баса айтқан.

«Біздердің халықаралық күн тәртібіндегі барлық маңызды мәселелер бойынша мүддеміз де, көзқарасымыз да ұқсас. Алдағы уақытта өтетін шерудің біздердің халықтарымыз арасындағы достық қарым-қатынастарды одан ары нығайта түсуге септігін тигізетіндігіне сенімім мол», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар