Елбасы: Қазақстан экономикалық тәуекелдерге қарамастан халықты әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық тәуекелдерге қарамастан біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырамыз. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.
«Көптеген жылдар бойы қарқынды динамикалық өсім бізге белсенді әлеуметтік саясатты жүргізуге септігін тигізді. Азаматтарымыздың өмір сапасын бірнеше есеге арттыра алдық. Экономикамыз бастан кешіп отырған қиындықтарға, жаһандық құбылыстарға қарамастан біз халқымыздың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға жұмсалған шығыстар үш есеге артты», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы мемелкеттік басқаруларда жұмыс істейтін 1,2 млн. адамнан асатынан атап өтті. Ал мемлекет қамтамасыз етіп отырған әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 1,5 млн адамнан асқан.
«Экономикалық тәуекелдерге қарамастан біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 28 пайызға, білім беру -29, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы орташа алғанда 40 пайызға артатынын жариялаймын. Бұл ретте бюджеттік сала қызметкерлерінің санаты бойынша жалақысына сараланған төлемді енгізу ақылға қонымды. Келесі жылы әлеуметтік жәрдемақыларды, мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы мөлшерін 25 пайызға арттыру қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан біз ынтымақты зейтенақыны инфляция деңгейінен алдын ала 2 пайызға индекциялайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев.