Елбасы Қазақстан экономикасындағы оң үдерістерді бағалап отыр

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан экономикасында оң үдерістер байқалып отыр. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен кеңесте атап өтті,

Елбасы Қазақстан экономикасындағы  оң үдерістерді   бағалап отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықтың ақшалай табысы нақты мағынада 4 пайыза өскеніне тоқталған Елбасы, «атап айтқанда, теңгенің девальвациясына қарамастан инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуі байқалып отыр. 5 айдың ішінде инфляция деңгейі 2,8 пайызды құрады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша төлем балансының жалпы сальдосы тапшылықпен қалыптасқанымен, алайда қазіргі кезде теңдестірілді. Бұл жақсы көрсеткіш», - деді Елбасы. Президенттің айтуынша, «халықаралық резервтердің көлемі тұрақты деңгейде сақталып, бүгінде 43 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Коммерциялық банктердің ссудалық қоржыны да бұрынғы деңгейінде сақталуда. Экономиканың несие көлемі мамырдың 1-індегі жағдай бойынша 8,1 триллион теңгені құрап, 8,5 пайызға артты».