Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президент Н.Назарбаев бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮІ сессиясында мәлім етті.

Елбасы  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады

«Ассамблея кеңесі маған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымына Қазақстандағы украиндықтар Радасы одағының президенті Юрий Тимошенко мен Ұйғырлардың республикалық мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Ахметжан Шардиновты бекіту туралы ұсыныс енгізді. Мен сәйкес Жарлыққа қол қоямын», - деді Н.Назарбаев.