Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды
«Сіз Тәуелсіз, гүлденген Қазақстанның негізін қалаушысыз. Сіз Қазақстан халқы Ассамблеясын құрушысыз. Сіз бейбітшілік пен тұрақтылық кепілісіз. Этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісі бүкіл әлемде мойындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз жоғары мемлекеттік марапатты алудан бас тартқаныңызды білеміз. Бірақ, бүгінгі күні және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында халықтың ерік-жігерін білдері отырып, Сізге жоғары қоғамдық, халықтық марапатты тапсырғымыз келеді. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі», - деді жиын соңында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжан. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Ассамблея тарапынан тағайындалған марапатты қабылдай отырып, бұндай жоғары марапаттың 3 сәуірдегі сайлауда да көрініс тапқандығын атап өтті.