18:39, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі наградасын белгілеуді ұсынды
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі атты награданы белгілеу туралы ұсыныс жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосып жүргендерді Қазақстан халқы Ассамблеясының желісі бойынша салмақты ынталандыру туралы мәселені ойланған маңызды. Мәселен, неге Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі атты награданы белгілемеске. Бұл сөз жоқ Ассамблеяның мәртебесін көтеруге жұмыс жасайтын болады», деді бүгін Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Н. Назарбаев.