Елбасы Қазақстан Иранмен қай салаларда қатынастарды кеңейтетінін айтты
«Біз Иран Ислам Республикасын аймақтағы маңызды серіктесіміз ретінде қарастырамыз. Осы елмен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге, әсіресе, көлік пен транзит, ауыл шаруашылығы, металлургия саласында жандандыруға мүдделіміз. Ақтауда қол қойылған Каспий құқықтық мәртебесі туралы конвенция елдеріміздің өзара ынтымақтастығын нығайтуға одан әрі оң серпінін тигізетіні белгілі», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Қазақстан Иранның ядролдық бағдарламасына қатысты халықаралық келісімнің сақталуын, оның ары қарай тиімді іске асырылуын құптайтындығын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысына Ауғанстан Елшісі Мохаммад Фрахад Азими, Қырғызстан Елшісі Жээнбек Кулубаев, Литва Елшісі Гинтаутас Васюлис, Иран Елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Армения Елшісі Гагик Галачян сенім грамотасын табыс етті.