18:21, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
Елбасы: Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге дайын болады
АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан қазір құрлықтық державалардың біріне айналды. Бұл туралы Елбасы бүгін Алматыда 7-қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімінде мәлімдеді.
«Біз Азия ойындары қарсаңында Алматыда әлемдегі ең үздік тұғырдан секіру кешенін салдық. Астанада ең озық мұз айдыны сарайын және бірегей велотрек салдық. Енді бобслей трассасын салу ғана қалды. Содан кейін бүкіләлемдік қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге дайын боламыз», -деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының айтуынша, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысқа қарамастан жаңа спорт нысандарын салып, 7-қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде өткізу арқылы Қазақстан құрлықтық ірі державалардың біріне айналғанын дәлелдеп отыр.