Елбасы Қазақстан өз дамуында бұдан былай Финляндияның тәжірибесін ескеруі тиістігін айтты

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан өз дамуында бұдан былай Финляндияның тәжірибесіне арқа сүйейтін болады,

Елбасы Қазақстан өз дамуында бұдан былай Финляндияның тәжірибесін ескеруі тиістігін айтты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бұрын өз дамуымызда Оңтүстік-Шығыс Азияның барыстарынан сабақ алдық. Мен осындай саясатты жүргіздім және дұрыс жасадық. Олардың стратегияны қалай жасағанын, қалай дамығанын, кадрларды қалай дайындағанын үйрендік. Біз қазір бұл кезеңнен өттік, енді бізге Финляндиядан үйренген жөн», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Үкіметтің экономикалық блогымен өткізген кеңесінде.

Осы орайда Президент Финляндияның қарқынды дамуының маңызды тұстарын атап көрсетті. «Біз Финляндияда болып, олардың тәжірибелерімен таныстық, қолымызда барлық құжаттар бар. Финляндиядан үйрену дегеніміз нені білдіреді? Ең алдымен жоғары стандартты білім. Екіншісі, ғылыми әзірленімдерге қаражатты бөлудегі бәсекелестік. Үшіншісі, келешектің ұлттық инфрақұрылымдары. Төртіншісі, мемлекеттің, ғылым мен бизнестің күшін біріктіру. Егер қысқаша айтатын болсақ, олардың дамуы осы төрт тұжырымнан тұрады», деді Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев Үкімет 2010 жылғы жұмысында, сондай-ақ Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын түпкілікті пысықтағанда осы дүниелерді ескеруі тиістігін айтты.