20:42, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге, оның ішінде аталған үміткерлердің тағлымдамасына байланысты мәселелерді реттеуге және адвокаттар тарапынан көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасына бақылау жасауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.