13:31, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА-АҚОРДА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы жетілдіруге және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты жекелеген әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.