16:11, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,

ол сумен жабдықтау, су тарту және жерді суландыру саласын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.