Елбасы «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сауда желілерінде қазақстандық тауарлардың секциясы пайда болу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың Твиттердегі парақшасы.
«Барлық қазақстандықтарды Қазақстан өнімдерін алуға шақырамыз. Бұл ел экономикасына үлкен қолдау болады», - деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы тиісті меморандумдар жасалатын қазақстандық қамту жөніндегі форумдар өткізу тәжірибесін жаңғырту қажет екендігін айтты.