Елбасы Қазақстандағы БАҚ-ты дағдарыс кезінде қазақстандықтарға кеңес беруге шақырды

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын экономикалық қиындықтарды еңсеру мәселесінде қазақстандықтарға кеңес беруге шақырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің бұқаралық ақпарат құралдарына айтатын сөзім бар: Сіздерді «төртінші билік» деп бекерден бекер атамайды. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары қиындықтарды қалай еңсеру қажет, өмірге қалай бейімделу керек, тауқыметке қалай төтеп беруге болады деген мәселелерде кеңесші болулары тиіс», деді Елбасы.Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға дағдарысты табысты еңсерген азаматтардың тәжірибесін үйретулері тиістігін айтты. «Еліміздің ғылыми және шығармашылық зиялылары да осыған атсалысуылары тиіс», деді Президент. Бұл ретте Н. Назарбаев адамдардың сенімділігін күшейтетін, белсенділігін арттыратын, оларды төзімділікке үйрететін, Отанын сүюге баулитын материалдарды көптеп жариялау қажеттігін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар