Елбасы: Қазақстандағы береке мен бірлікті қорғау - жалпы мақсатымыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ешкім де ұлтына, тіліне немесе діни сеніміне қарай қысым көрмеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Қазақ елі» монументі алдында Наруыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара барысында мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда бейбітшілік пен достық орнады, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Осы арқылы біз Конституциядағы белгіленген мақсаттарды орындап отырмыз. Атап айтқанда, Қазақстанда барлығы тең, сондықтан ешкім де ұлтына,тіліне немесе діни сеніміне қарай қысым көрмеуі тиіс. Бізде бірыңғай Отанымыз бен бірыңғай мақсатымыз бар. Осының арқасында Қазақстан гүлденіп, дамып келе жатыр»,-деп тоқталды Мемлекет басшысы. Н. Назарбаев Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін және бейбітшілікпен тыныштықты барша халық болып көздің қарашығындай қорғау керек екенін айта келе, «Бейбітшілік деген - өте нәзік әрі күрделі ұғым. Жыл сайын әлемде 30 қарулы қақтығыстар орын алып, жүздеген мың адам ажал құшуда... Сондықтан да кез келген теріс іс-қимыл біздің жетістігімізді бұзуы мүмкін. Біз бейбітшіліктің арқасында дамып келеміз. Біреулер біздің осы «алтын жетістігімізге» қызғанышпен қарауы мүмкін, осы орайда еліміздегі береке мен бірлікті қорғау жалпы мақсатымыз болып табылады»,-деп түйді Президент.

Соңғы жаңалықтар