Елбасы Қазақстанды әлемнің ТМД-да исламдық қаржыландыруды дамытып отырған көшбасшы ел деп бағалауына өз әсерiн тигiздi - Қ.Келімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстанды әлемнің ТМД аумағында исламдық қаржыландырудың дамуына ықпал етiп отырған көшбасшы мемлекет ретiнде бағалауына өз әсерiн тигiздi. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Дүниежүзiлiк ислам экономикалық форумының жұмысы аясында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Слобал Global Islamic Finance Awards ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық - әлемдiк қауымдастықта, жалпы Ислам қаржыландыру саласында аса беделдi сыйлық. Естерiңiзге салсақ, әлемде осы Ислам қаржыландыру бойынша үш сыйлық қана бар. Бұл сыйлықты алуы арқылы Елбасы Қазақстанды әлем елдерінің ТМД аумағында Ислам қаржыландыруын алға тартып, оның дамуына ықпал етiп отырған көшбасшы мемлекет ретiнде бағалауына өз әсерiн тигiздi», - дедi Ұлттық банк төрағасы.
Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, Елбасының қолдауының арқасында Қазақстанда Исламдық қаржыландыру өте белсендi дамып келе жатыр. Дағдарыс кезiнде Таяу Шығыстан инвесторлар тартылды. Исламдық қаржыландыру бойынша заң қабылданып, алғашқы «аль-Хиляль» банкі ашылды. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Ислам қаржыландыруының 2020 жылға дейiнгi жол картасы дайындалып, қабылданды.
«Елбасы өз Жолдауында Алматы аймақтық қаржы орталығын дамыту бойынша мақсат қойды. 2020 жылға дейiн Алматының Азияның ең iрi он қаржы орталығы қатарына енуiне жағдай жасауды тапсырды. Кешегi өткен форумда Елбасы Алматының ТМД, шығыс Еуропадағы Ислам аймақтық хабы ретiнде қамтылатын елдiң ислам қаржыландыруына рөлiн арта беретiнiне мән бердi. Осы мақсат бойынша Ұлттық банк бiраз iс-шаралар жасап отыр», - деді ол.