Елбасы қазақстандық ата-аналарды балаларына үздік білім беруге шақырды

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы барлық ата-аналарды балаларына үздік білім беруге шақырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен еліміздің барлық ата-аналарын өз балаларына үздік білім беруге шақырамын. Терең білім болашақ үшін қажет. Мемлекет ұлтымыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекелестіктің кілті білімде. ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры. Сол үшін біз балаларымызды қазірден бастап дайындауымыз керек», деді бүгін Астанада ел Президентінің бірінші интеллектуалдық мектебінің ашылу рәсімінде Н. Назарабев. Елбасы ешқандай қиын жағдайға қарамастан мемлекет білім беру саласына айырықша маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. «Қаңтардың 1-інен бастап барлық мұғалімдердің айлық жалақысы тағы 25 пайызға өсті. 3 мыңнан астам мектепте интерактивті жабдықтар бар. Біздің мектептердің 77 пайызы сандық форматта жұмыс істейді. Мұндай көрсеткішке әлемдегі мемлекеттердің барлығы бірдей ие емес», деп атап көрсетті Елбасы.
Соңғы жаңалықтар