Елбасы қазақстандықтарды дәстүрлі құндылықтарды, өзара құрметті және толеранттылықты сақтауға шақырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздер этникааралық, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде бағалы тәжірибе жинадық. Бұл ұғым бүгінгі мерекенің рухына, біздің халықтың рухына сәйкес келеді», деді Елбасы бүгін Астанада жиналғандарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаған сөзінде.
Мемлекет басшысы ұлтаралық келісім- бұл кез-келген елдің және халықтың жүйке жүйесі екендігін атап көрсетті. «Егер жүйке жүйесі ақау беретін болса, онда денсаулық та ақау беретін болады. Біздің барлық жетістіктеріміз бейбітшілік пен келісімнің арқасында болып отыр. Әлемде ұлтаралық және дінаралық араздықтың апатты салдарының мысалы жетерлік. Тәуелсіздік жылдары ішінде біз қалыптастырған мұндай келісім мен бейбітшілік мемлекеттік жұмыстың және біздің бүкіл қоғамның қажырлы еңбегі. Бұл біз сақтауға тиісті ортақ дәулетіміз», деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл күн шын мәніндегі халықтар достығының күні екенін атап көрсетті. «Мамырдың 1-і біз үшін шын мәніндегі шынайы бүкілхалықтық салтанатқа, баршамыз үшін қуанышты, сүйікті мерекеге айналды», деді Н. Назарбаев.