Елбасы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады

Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.