Елбасы қазіргі дағдарыс кезеңінде еліміздегі барлық БАҚ-тарға зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтты

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі дағдарыс кезеңінде еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарына айырықша жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл кезеңде қандай меншікке жататындығына қарамастан, барлық бұқаралық ақпарат құралдарына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Провокациялық өсек-аяңдарды таратқаны, халыққа шынайы ақпарат жеткізбегені үшін заңнамада қарастырылған жауапкершілік жүктелуі тиіс. Өз кезегінде үкіметтік шенеуніктер бұқаралық ақпарат құралдарына өздерінің жұмыстарын білікті түрде түсіндірулері тиіс», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. «Біз қазақстандықтарды дағдарысты еңсере алатындығымызға, тиістігімізге және одан барынша күшті болып шыға алатынымызға сендіруіміз керек», деп нақтылады сөзін Президент. Елбасының айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары осындай қиыншылықтарды лайықты жеңе білген басқа да адамдардың тәжірибесі арқылы қазақстандықтарға күрделі жағдайдан қалай шығуды үйретулері тиіс. «Нұр Отан» партиясының идеологиялық жұмысындағы ағымдағы маңызды міндеттердің бірі осы», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар